"Зорлық – зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында "Ефимовка негізгі мектебі" КММ-де "Әкем, анам және мен-бақытты отбасы"тақырыбында суреттер байқауы өтті. Байқауға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар өз жұмыстарында отбасы мүшелерін, отбасылық бос уақыттарын, отбасылық хоббиді бейнелеген. Отбасылық мерекелерге, бірлескен белсенді демалысқа және спортпен шұғылдануға ерекше көңіл бөлінді. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.